Пиротехникалық өнімдерді қауіпсіз қолдану бойынша жаднама

  • Отшашуларды, салюттерді, тағы да басқа пиротехникалық өнімдерді тек арнайы дүкендерден сатып алыңыздар.
  • Отшашулар мен салюттерді тұрғын үйлердің немесе тез жаңғыш заттардың қасында 20 метрден жақын жерлерде, төмен бастырмалар мен өсіп тұрған ағаштардың астында қолдануға болмайды.
  • Отшашудың білтесін созылған қол ғашықтығында жағу керек.
  • Ракеталар мен отшашуларды адамдарға қарай атуға болмайды.
  • Әрбір пиротехникалық бұйымда оның қолдану әдісі туралы нқұсқаулық жазылады. Сол нұсқаулықты мұқият оқып шығу үшін бір-екі минут уақытыңызды бөліңіз.
  • Есте сақтаңыздар! Пиротехниклық заттарды қолданған кезде кездейсоқ бақытсыз жағдайлардың көбісі жауапкершіліксіздің салдарынан болады.
  • Өздеріңізді, жақындарыңыз бен айналадағы адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтаңыздар!