Шәй қораптарындағы қауіпсіз жаңа жыл туралы ескертпе!

«Қауіпсіз Жаңа жыл» атты науқанның аясында Алматы қаласы ТЖД Әуэз аудандық төтенше жағдайлар бөлімі«Чайный центр» ЖШС-мен біріге отырып, жаңа-жылдық шәй қораптарының топтамасын шығарды. Науқанның мақсаты – мерекелік іс-шараларды қауіпсіз өткізуге халықтың назарын аударту болып табылады.

«Бодрость», «Раджа», «Сарацин», «Самовар» атты арнайы топтаманың шәй жинақтары еліміздің барлық дүкендеріне шығарылған, шәй қорабын ашқан әрбір қазақстандық пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану және тұншықтырғыш газбен уланудың қауіпі туралы жазылған нұсқаулықпен таныса алады. Әуезов ауданы төтенше жағдайлар бөлімімен барлығы 40 мың дана үгіт-насихат өнімдері шықты.

Жаңа жыл- армандар орындалатын және ғажайыптар орын алатын көптен күткен ең ізгі мереке. Жасыл шыршаның жанындағы сыйлықтар мен көңілді ойындар балалардың есінде ұзаққа сақталады. Мерекенің естен кетпестей өтуі үшін, өрт қауіпсіздігі өзімізге байланысты екенін ұмытпаған жөн!

 

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі