Христиандық крещение господне мерекесі жақындауда

Христиандық крещение Господня мерекесі жақындауда. Осы оқиға казіргі уақытта жаппай сипат алуда деп статистика мәлімдейді. Әрине, дінге сенген адамдарға аласталған шоқынған суға түсу - ол ғажайып керемет және ем болатына сенімдік, алайда бұл экстрималды қадам екенін еске сақтау керек. Сол себепті де Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті және Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Республикалық жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары қасиетті суға түсу келесі топтарға қауіпті екенін ескертеді:

- балаларға;

- бұл істе тәжірибесі жоқ адамдарға;

- егде жасты адамдарға;

- денсаулығы төмен адамдарға;

- ішімдік ішкен адамдарға.

Мұздай суық суға сүңгіген сәтте адамның ағзасына қатты ауыртпалық түседі: орта температураларының күрт өзгеруі салдарынан адамның тынысы мен жүрегі тоқталып, қан жолдары тарылып қалуы мүмкін, адамның талып қалуы да әбден ықтимал. Ал суда талып қалу дегеніміз – 3-4 минуттың ішінде құтқару шараларын жасамаған жағдайда, адам бірден көз жұмады. Ал жабдықталмаған мұ ойығында шомылу кезінде су ағынымен адамды мұз астына алып кету мүмкүн, бүл жағдайда зардап шеккенді қалайда өлімге әкеліп соғады. Жыл сайын құтқарушылар бұндай құтқару шараларына жиі тап болады.

Бұл ретте құтқарушылар ескертеді, шоқынып суға түсу рәсіміне қатысуға бел буған азаматтар келесідей шарттарды білулері тиіс: тек белгіленген, арнайы құрылғылармен қамтамасыз етілген, көмек қажет болғанда қол ұшын беретін арнайы мамандары бар жерлерде ғана суға түсіңіздер. Бұл мақсатты қала Әкімдігімен арнайы мұз ойықтары жасалған қосымша ағаш немесе темір торлармен жабдықталған ойықтар, адамның су астына кетпеуін қамтамасыз етеді. Халықты мұз ойығы орыналасқан жерлері туралы бұқаралық ақпарат арқылы хабарландырады.

Жыл сайын 18 қаңтар кешкі 20-00-ден бастап 20 қаңтар түнгі 1-ге дейін ҚР ІІМ ТЖК «Республикалық жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Зардап шеккендерге жедел көмек көрсету үшін мұз ойығы жанында қажетті құралдармен жабдықталған жедел автокөлігі ілесіп жүрумен құтқарушылар үздіксіз кезекшілік етеді, арнайы су айдындарына патрульдык қызмет жүзеге асырылады. Шомылу орындарында қосымша нұсқаулықтар жүргізіледі.

Сонымен қатар, шоқыну су ойықтарында мед.қызметшілер кезекшілік етеді: ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицина орталығының жедел жәрдем көлігі мен Денсаулық сақтау басқармасының реанимациялық жедел жәрдем көлігі.

- Ойыққа кірер алдында денені серпіліп бой жаздыру;

- Суға түсер алдында қауіпсіздік үшін жеңіл аяқ киім немесе шұлық кию;

- Ойыққа кірер алдында терең дем алып, деміңізді тоқтатып суға сүңгу қажет.

- Суға секіру және баспен сүңгуге болмайды, өйткені дене жылуы тез тарқап суықтан естен тануға әкеліп соғуына мүмкін.

- Жалпы организмнің тоңазатылуы болмау үшін мұз ойығында 1 минуттан астам болуға қауіпті.

- Баламен келген жағдайда , бала шомылу кезінде қадағалау қажет.

- Судан шыққан сәтте сізді орамал мен жамылғышпен біреу қарсы алғандары дұрыс.

- Судан шыққан кезде өзін және баланы орамалмен денесін ысқылау және құрғақ киім кию қажет.

- Суға түскеннен кейін профилактика үшін дәрілік шөптен немесе жидектен жасалған ыстық шай ішу қажет.