Басты міндет – тұрғын үйдегі өрттің алдын алу!

Жылыту маусымында Алматы қаласының ТЖД қызметкерлері күнделікті, демалыс  және мереке күндерін қоса   жеке меншік секторындағы үйлерді аралау жұмысын жүргізуде. Жеке тұрғын үйлер тексеру барысында 143043  мыңнан астам үйлер араланды, бұл  99% құрады. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы  150 мыңнан астам жадынамалар мен кітапшалар тапсырылды, сондай-ақ, 10 мыңнан астам адам қамтыған 420 жиындары өткізілді.

Осындай іс-шаралардың басты мақсаты - жарақат алу және улы газбен улануды азайту, тұрғын үйлерде адам қатерін және өртті болдырмау.

Қыста өртпен күресу және алдын алу әсіресе өзекті болып табылады: электр қыздырғыш аспаптарын және пештерді өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзып пайдаланғаны көптеген өрттердің себептері болып табылады.

Сондай-ақ, іс-қимылы шектеулі топтарының азаматтардың тізімдерін түзету үшін, қолайсыз отбасылар мен әлеуметтік бейімделмеген азаматтар тұру орындарын анықтау жөніндегі жұмыс жүргізілді.

Жалпы, жылыту кезеңі басталғанғаннан қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша жағдайлары нашар отбасылары, алкогольдік ішімдіктерді бейім адамдар тұратын орындарға 101 рейд өткізілді, нәтижесінде 66 қолайсыз отбасылар және 100-ден астам белгілі тұрағы жоқ адамдарға есепке алынды. Статистика бойынша, қысқы кезеңде көбіне дәл осы санаттағы адамдардың үйлерінде өрттердің саны көп болады. Жиі үй қожайындары өздері өрттің құрбаны болады.

Құтқарушылар түсіндірме жұмыстарымен бірге пештердің жағдайымен және отын сақтау шарттарын тексере отырып, үй ішіндегі электр жүйесіне назар аударады, сонымен қатар өрт қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жаднамалар беріледі.

Осындай іс-шаралар адамдардың сана-сезіміне оң әсер етеді деп сенеміз. Бұл бірлескен жұмыстардың арқасында қауіпсіздік іс-қимыл мәдениетін арттыруға және өз басының және қоршаған ортаның қауіпсіздігінің сақтауға үйретеді.

Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі