Құрметті Алматы қаласының тұрғындары жəне қонақтары!

Алматы қаласының ТЖ Департаменті 2017 жылғы 11 қаңтарда жергілікті уақытпен 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексереді. 
Тексеру электр дабылдарын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беріп, «Азаматтық қорғаудың медиа-серверімен» теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен бір уақытта халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқандағы туралы хабар беру қарастырылуда. 
Алдағы уақытта әр айдың бірінші бейсенбіде сағат 12:55-те, мерекелік күнге сәйкес келген жағдайда келесі бейсенбіге калдырумен құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіледі. 
Осыған байланысты Департамент қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады. 

Алматы қаласының ТЖД 
баспасөз қызметі