Сыйлықтар

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің медальдары

      Ескерту. Бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

"Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін"

      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

       "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалі мельхиордан жасалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.

      Медальдің беткі жағының ортасында өртке оранған үй бейнесінің аясында қолына сәби ұстаған өрт сөндіруші бейнеленген. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген, жоғарғы жиегінде "ӨРТТЕ КӨРСЕТКЕН ҚАЙСАРЛЫҒЫ ҮШІН" деген жазу жазылған, ал төменгі ішкі жиегінде лавр мен емен бұтақтарынан өрілген десте бейнеленген.

      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.

      Медаль шығыршықтар арқылы көгілдір түсті жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Ортасында ені 6 мм қызыл түсті лента орналасады, лентаның шеткі жақтарында ені 2 мм көк және қызыл түсті жолақтар орналасады.

      Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.

I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"

      I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі жезден дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.

      Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, алтын түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XX" рим цифры және алтын түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.

      Медальдің сыртқы жағында жоғарғы бөлігінде "I" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.

      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.

      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында арасында ені 7 мм қызыл жолақшасы бар ені 5 мм екі сары жолақша орналасады.

      Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"

      II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.

      Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XV" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.

      Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "II" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.

      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.

      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағысы 3 мм үш сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 3 мм екі қызыл жолақша орналасады.

      Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"

      III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.

      Медальдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "X" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медальдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медальдің бедері жылтырақ.

      Медальдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "III" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.

      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.

      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 33 мм, биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның шеттерін бойлай ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағылары 3 мм төрт сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 1 мм үш қызыл жолақша орналасады.

      Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

"Суға батқандарды құтқарғаны үшін"

      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

       "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалі мельхиордан жасалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.

      Медальдің бет жағының ортасында құтқарушының суға батушыны құтқарып жатқан бейнесі, ортасында азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі бар "жел бағыты" (ішінде үшбұрышы бар шеңбер) бейнеленген. Медальдің шеті ернеумен жиектелген, жоғарғы жиегінде "СУҒА БАТҚАНДАРДЫ ҚҰТҚАРҒАНЫ ҮШІН" деген жазу жазылған, ал төменгі ішкі жиегінде лавр мен емен бұтақтарынан өрілген десте бейнеленген.

      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.

      Медаль шығыршықтар арқылы қызғылт сары түсті жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Ортасында ені 10 мм көк түсті жолақ орналасады.

      Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.

II дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз
қызметі үшін"

      Ескерту. Кіші бөлім алып тасталды - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

III дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз
қызметі үшін"

      Ескерту. Кіші бөлім алып тасталды - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

"Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік
шыққаны үшін"

      "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалі мельхиордан дайындалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.

      Медальдің бет жағында ортада - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (ішінде көгілдір үшбұрышы бар қызғылт-сары түсті шеңбер) жер шарының айшықты бейнесі, жер шары нобайының астында - қалықтаған қыран. Жер шарының аясы көк эмальмен боялған. Қалықтаған қыранның бейнесіне және жер шарының меридиандарына алтын жалатылған.

      Медальдің сыртқы жағында ортада "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДА ЖӘНЕ ЖОЮДА ҮЗДІК ШЫҚҚАНЫ ҮШІН" деген жазу орналасқан.

      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.

      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның ортасында ені 3 мм екі қызыл жолақ орналасады, олардың ортасында ені 2 мм көгілдір жолақ, қызыл жолақтардың шеттерінде ені 3 мм екі ақ жолақ орналасқан. Лентаның шеттерінде - ені 9 мм көгілдір жолақтар.

"Азаматтық қорғау органдарының құрметті қызметкері"

      Ескерту. Кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

       "Азаматтық қорғау органдарының құрметті қызметкері" төсбелгісі жезден қондырмасы бар мельхиордан жасалады және биіктігі 50 мм және ені 40 мм сопақша көп бұрыш нысанында болады.

      Төсбелгінің шеттері көк лентамен тысталған алтын түстес дестемен жиектелген. Орталық бөлігі көгілдір түсті бояумен жасалған.

      Төсбелгінің беткі жағының ортасында - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (шеңбер қызғылт сары түсті, ішіндегі үшбұрыш көгілдір түсті) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі. Белгінің төменгі бөлігінде қалықтаған қыранның бейнесі, жоғары жақта сопақшаны бойлай көк түсті "ҚҰРМЕТТІ" деген жазу жазылған алтын түстес сопақша жолақ бар. Төменде сопақшаны бойлай көк түсті "ҚЫЗМЕТКЕРІ" деген жазу жазылған алтын түстес сопақша жолақ орналасады, төменірек "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан. Лентаның ортасында "АҚО" (азаматтық қорғау органдары) деген аббревиатура орналасқан. Лентаның ортасында "ТЖМ" (Төтенше жағдайлар министрлігі) аббревиатурасы орналасқан.

      Сыртқы жағында белгінің реттік нөмірі бар.

      Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.

      Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.

"Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін"

      Ескерту. Кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

       "Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісі жезден жасалады және диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.

      Төсбелгінің беткі жағының орталық бөлігінде - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (ішінде көгілдір түсті үшбұрышы бар қызғылт сары түсті шеңбер) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі. Қазақстан Республикасының картасы нобайының астында қалықтаған қыран бейнеленген. Қалықтаған қыранның астында "ІІМ" (Ішкі істер министрлігі) деген жазу жазылған көгілдір түске боялған лента бар.

      Төсбелгінің шеттері ернеумен және алтын түстес дестемен жиектелген. Дестенің жоғарғы ішкі жағын бойлай "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу, ішкі төменгі жағын бойлай "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан. Белгі жазулары көк түсті.

      Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген. Белгінің шеттері шеңберді бойлай көгілдір түсті лентамен тысталған ернеумен және лавр дестесімен жиектелген.

      Белгі шығыршықтардың көмегімен көгілдір түсті қатқыл жібек лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның сол жақ шетінде ені 3 мм-ден көгілдір және ақ жолақтар орналасады. Лентаның оң жақ шетінде ені 26 мм көгілдір жолақ орналасады.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

"Үздік өрт сөндіруші-құтқарушы"

      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

       "Үздік өрт сөндіруші-құтқарушы" төсбелгісі жезден жасалады және диаметрі 40 мм сегіз қырлы жұлдыз нысанында болады.

      Төсбелгінің орталық бөлігі алтын түстес ернеуі бар көгілдір түсті эмальдан құйылған дұрыс шеңбер нысанында болады.

      Дөңгелектің жоғарғы бөлігінде алтын түстес "ҮЗДІК ӨРТ СӨНДІРУШІ-ҚҰТҚАРУШЫ" деген жазу орналасады. Төсбелгінің ортасында - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (ішінде көгілдір түсті үшбұрышы бар қызғылт сары түсті шеңбер) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі. Белгінің төменгі бөлігінде қалықтаған қыран бейнеленген. Қалықтаған қыранның астында "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасады.

      Дөңгелектің төменгі бөлігінде "ІІМ" (Ішкі істер министрлігі) деген аббревиатура жазылған лавр бұтақтарын қосатын көк түсті лента бар.

      Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.

      Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.

"Үздік құтқарушы-жауынгер"

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

       "Үздік құтқарушы-жауынгер" төсбелгісі жезден дайындалады және диаметрі 40 мм сегіз қырлы жұлдыз нысанында болады.

      Төсбелгінің орталық бөлігі алтын түстес ернеуі бар көгілдір түсті эмальмен боялған дұрыс шеңбер нысанында болып келеді.

      Дөңгелектің жоғарғы бөлігінде алтын түстес "ҮЗДІК ҚҰТҚАРУШЫ-ЖАУЫНГЕР" жазуы орналасады. Төсбелгінің ортасында - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (шеңбер қызғылт сары түсті, ішіндегі үшбұрыш көгілдір түсті) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі. Белгінің төменгі бөлігінде қалықтаған қыран бейнеленген. Қалықтаған қыранның төменгі жағында "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасады.

      Дөңгелектің төменгі бөлігінде "ІІМ" (Ішкі істер министрлігі) деген аббревиатура жазылған лавр бұтақтарын қосатын көк түсті лента бар.

      Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.

      Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.

"Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін"

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

       "Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін" төсбелгісі жезді қондырмасы бар мельхиордан дайындалады және 34 мм шеңбер нысанында болады.

      Төсбелгінің беткі жағының ортасында көгілдір түсті шеңбер салынған алтын түстес сегіз бұрыш орналасқан. Шеңбердің ішінде шаңырақ бейнеленген, оның астында қалықтаған қыранның бейнесі.

      Сегізбұрыштың астында "ІІМ" (Ішкі істер министрлігі) деген аббревиатура жазылған көк түсті лента бар.

      Төсбелгінің жиектері ернеумен және алтын түстес дестемен жиектелген. Белгінің төменгі бөлігіндегі ернеуде көк түсті "ҚҰТҚАРУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСҚАНЫ ҮШІН" деген жазу орналасады.

      Төсбелгі шығыршықтар арқылы қатқыл жібек лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның жиектерінде тиісінше сол жағынан ені 2 мм және оң жағынан 11 мм екі қызғылт сары жолақ орналасады, лентаның ортасында ені 19 мм көк түсті жолақ орналасады.

      Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

"Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін"

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

       "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісі жезді қондырмасы бар мельхиордан дайындалады және диаметрі 37 мм көпбұрышты жұлдыз нысанында болады.

      Бет жағы ернеуі бар сары түсті сегіз бұрышты жұлдыз болып келеді, оған көк түсті құймамен боялған "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЕРЛІГІ ҮШІН" және "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазулар орналасқан.

      Төсбелгінің беткі жағының орталық бөлігінде, көгілдір түсті құймада - "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (қызғылт сары түсті шеңбер ішінде көгілдір түсті үшбұрыш) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі бар. Қазақстан Республикасы картасының төменгі жағында қалықтаған қыран бейнеленген. Қалықтаған қыранның астында көк түсті бояумен "ІІМ" (Ішкі істер министрлігі) деген жазу жазылған лента бар.

      Төсбелгі шығыршықтар арқылы көгілдір түсті қатқыл жібек лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның жиектерінде сол жағынан ені 3 мм және оң жағынан 9 мм екі қызғылт сары түсті жолақ орналасады. Қызғылт сары түсті жолақтың оң жағынан ені 2 мм ақ түсті екі жолақ өтеді.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

I дәрежелі "Құтқарушы"

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

       I дәрежелі "Құтқарушы" төсбелгісі жезді қондырмасы бар мельхиордан дайындалады және биіктігі 50 мм және ені 40 мм сопақша нысанда болады.

      Төсбелгінің жиектері мен шеңбері алтын түстес лавр дестесімен жиектелген.

      Төсбелгінің беткі жағының ортасында "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (шеңбер қызғылт сары түсті, ішіндегі үшбұрыш көгілдір түсті) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі бар. Белгінің төменгі бөлігінде қалықтаған қыран бейнеленген. Төсбелгінің жиегі лавр дестесімен көмкерілген. Дестенің ішкі үстіңгі жағында лентада "БІРІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ" деген көгілдір түсті жазу орналасқан. Төменгі ішкі жағын бойлай лентада "ҚҰТҚАРУШЫ" деген жазу, төменірек "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан.

      Белгінің төменгі бөлігінде көк түсті лента лавр бұтақтарын жалғайды. Лентаның ортасында "ІІМ" (Ішкі істер министрлігі) деген аббревиатура жазылған.

      Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.

      Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.

II дәрежелі "Құтқарушы"

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

       II дәрежелі "Құтқарушы" төсбелгісі жезді қондырмасы бар мельхиордан дайындалады және биіктігі 50 мм және ені 40 мм сопақша нысанда болады.

      Төсбелгінің жиектері мен шеңбері күміс (ақ) түстес лавр дестесімен жиектелген.

      Төсбелгінің беткі жағының ортасында "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (шеңбер қызғылт сары түсті, ішіндегі үшбұрыш көгілдір түсті) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі бар. Белгінің төменгі бөлігінде қалықтаған қыран бейнеленген. Төсбелгінің жиегі лавр дестесімен көмкерілген. Дестенің ішкі үстіңгі жағында лентада "ЕКІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ" деген көгілдір түсті жазу орналасқан. Төменгі ішкі жағын бойлай лентада "ҚҰТҚАРУШЫ" деген жазу, төменірек "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан.

      Төсбелгінің төменгі бөлігінде көк түсті лента лавр бұтақтарын жалғайды. Лентаның ортасында "ІІМ" (Ішкі істер министрлігі) деген аббревиатура жазылған.

      Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.

      Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.

III дәрежелі "Құтқарушы"

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

       III дәрежелі "Құтқарушы" төсбелгісі жезді қондырмасы бар мельхиордан дайындалады және биіктігі 50 мм және ені 40 мм сопақша нысанда болады.

      Төсбелгінің жиектері мен шеңбері күміс (ақ) түстес лавр дестесімен жиектелген.

      Төсбелгінің беткі жағының ортасында "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (шеңбер қызғылт сары түсті, ішіндегі үшбұрыш көгілдір түсті) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі бар. Белгінің төменгі бөлігінде қалықтаған қыран бейнеленген. Төсбелгінің жиегі лавр дестесімен көмкерілген. Дестенің ішкі үстіңгі жағында лентада "ҮШІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ" деген көгілдір түсті жазу орналасқан. Төменгі ішкі жағын бойлай лентада "ҚҰТҚАРУШЫ" деген жазу, төменірек "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан.

      Төсбелгінің төменгі бөлігінде көк түсті лента лавр бұтақтарын жалғайды. Лентаның ортасында "ІІМ" (Ішкі істер министрлігі) деген аббревиатура орналасқан.

      Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.

      Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.

"Халықаралық дәрежелі құтқарушы"

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

       "Халықаралық дәрежелі құтқарушы" төсбелгісі жезден жасалады және биіктігі 50 мм және ені 40 мм сопақша нысанда болады.

      Төсбелгінің жиектері мен шеңбері алтын түстес лавр дестесімен жиектелген.

      Төсбелгінің беткі жағының ортасында "жел бағыты" мен азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісі (шеңбер қызғылт сары түсті, ішіндегі үшбұрыш көгілдір түсті) салынған Қазақстан Республикасы картасының айшықты бейнесі бар. Белгінің төменгі бөлігінде қалықтаған қыран бейнеленген. Төсбелгінің жиегі лавр дестесімен көмкерілген. Дестенің ішкі үстіңгі жағында лентада "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕЛІ" деген көгілдір түсті жазу орналасқан. Төменгі ішкі жағында лентада "ҚҰТҚАРУШЫ" деген жазу, төменірек "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан.

      Төсбелгінің төменгі бөлігінде көк түсті лента лавр бұтақтарын жалғайды. Лентаның ортасында "ІІМ" (Ішкі істер министрлігі) деген аббревиатура орналасқан.

      Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерленген.

      Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.