Басшылық

Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіров  -  ҚР ІІМ ТЖК Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өртке қарсы қызметі генерал-майоры.

  • 1965 жылы 14 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында  дүниеге келген.
    • Ұлты қазақ, мамандығы – арнайы жоғары -1985 жылы КСРО ІІМ Алматы өрт сөндіру-техникалық училищесі- өрт сөндіруші-технигі;
    • ҚР ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесі  (1996 жылы) – өрт қауіпсіздігі инженері;
    • Техникалық ғылымдар кандидаты (Санкт-Петербург қаласы, 2007 жыл);
    • Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ инспекторы (1985-07.1986 жылдары);
    • Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ ӨКБ №104 ВПЧ қарауыл бастығы (07.1986-10.1986 жылдары);,
    • Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ инспекторы (10.1986-1988 жылдары);
    • Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ аға инженері (1988-1990 жылдары);
    • Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ ӨКБ №104 ӨКБ бастығы (1990-1991жылдары);
    • Алматы қаласының МӨҚ ММ №4 ӨБ бастығы (1992-1999 жылдары);
      • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің  «Өрт сөндіруші» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны бастығының орынбасары (1999 -2001жылдары);
  • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт сөндіруші» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бастығы (2001 -2005 жылдары);
  • Төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бастығы  (2005-2006 жылдары);
  • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасының орынбасары (2006-06.2007 жылдары);
  • Өртке қарсы қызмет комитеті Алматы қаласы Өртке қарсы қызмет департаментінің бастығы (06.2007-10.2007 жылдары);
  • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары (10.2007-11.04.2008 жылдары);
  • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы (11.04.2008.-10.2014 жылдары);
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Төрағасының орынбасары   2014 жылдың  қазанынан бастап.

         Мемлекеттік және ведомстволық наградалары:

  • «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі медальдарымен марапатталған (2006 жыл);
  • «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» (2008 жыл);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2010 жыл);
  • «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»  төс белгісі (2010 жыл);
  • «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» ( 2013 жыл)
  • «Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен «ІІ дәрежелі –Даңқ» орденімен марапатталды  (2013жыл);
  • 2011 жылғы мамырда   Өртке қарсы қызметінің Генерал-майоры шені  арнайы атағы берілді;

         Отбасы жағдайы – үйленген , екі ұлы бар.


Ерлан Сәдкенұлы Нұрпейісов – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет полковнигі

Білімі – жоғарғы, өрт қауіпсіздігі инженері;

1989-1992 жж. – ҚР ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесі;

1995-1998жж. – ҚР ІІМ Алматы жоғарғы өрт-техникалық училищесі;

2005 ж. – Шығыс-Қазақстан облысы МБҚБ бастығының орынбасары;

2006 ж. – Шығыс-Қазақстан облысы Өртке қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары;

2007 ж. – Шығыс-Қазақстан облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалының бастығы;

2012 ж. – ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

Мемлекеттік наградалары:

-І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін»;

-ІІ дәрежелі «Айбын» ордені;

-«Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі.

 


Ерлан Әлібекұлы Әлібеков - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

Азаматтық қорғау полковнигі Әлібеков Ерлан Әлібекұлы1977 жылы 16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласындадүниеге келген, ұлты қазақ.

Білімі жоғары, 1997 жылы Алматы жоғары техникалық училищесін бітірді. Білімі бойынша мамандығы «Өрт қауіпсіздігінің технигі».

2000 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы «Өрт қауіпсіздігінің инженері»

2006 жылғы қыркүйектен –Алматы қаласының Өртке қарсы қызмет департаменті Өртке қарсы нормалау және лицензиялау басқармасының бастығы.

2007 жылғы тамыздан - Астана қаласы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасы бастығының орынбасары.

2008 жылғы қыркүйектен - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті Мемлекеттік өрт қадағалау басқармасы Техникалық нормалау бөлімінің бас маманы.

2010 жылғы қарашадан -Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті Мемлекеттік өрт бақылау және анықтау басқармасы Техникалық нормалау бөлімінің бастығы.

2013 жылғы наурыздан - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт қадағалау басқармасының бастығы.

2015 жылғы қаңтардан - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары лауазымында қызмет етуде.

2017 жылдың мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

Қоғамдық қызметі: техника ғылымдарының кандидаты.

Отбасылық жағдайы: үйленген, бір қыз тәрбиелеуде.