ҚАРЛЫ БОРАНДАР ЖӘНЕ КҮРТІКТЕР. АМАН ҚАЛУ ЖӘНЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қазақстан өзінің географиялық орналасуы бойынша континентальды клиатты елдерге жатады, мұнда қысқы мерзім күшті аяздармен, борандармен, бұрқасындармен сипатталады. Бұдан бірінші кезекті халық күйзеледі, шаруашылық объектілердің жұмысы бұзылады, маңызды материалдық шығындарға соғады. Бұдан басқа, бұрқасындар күшті күртіктің пайда болуына себеп болады.

Қарлы күртіктер мен борандар, қауіпті зілзала, олардың қауіп-қатері пайда болатын жағдайлар: ұзақ 12 сағаттан астам қар жауады және де оған қоса секундта 15 метр жылдамдықпен жел соғады. Күртіктердің биіктігі 1 метрден астам болуы мүмкін, ал таулы жерлерде - 5-6 метр. Осы құбылыстар болған жағдайларда жиі электропередачалардың және байланыстың желілрі үзіледі, ғимар жартылай қиратылады.

Бұрқасындарға және күртіктерге қалай дайындалуымыз қажет

  Сіз күшті бұрқасындар туралы ескерту алсаңыздар, терезелерді, есіктерді, шатырдағы люктерді және ауаны жаңартудың ойықтарын тығыз жабыңыз. Терезенің шыныларын қағазды таспалармен жапсырыңыз, қақпақпен немесе қалқандармен жабыңыз. Екі тәулік бойы жететін судың және астың қорын, дәрі-дәрмектің қорын, автономиялық жарық құралдарын (фонарь, керосин шамдар, шамдар), жорықтың плиткасын, батареялы радиоқабылдағышты дайындап қойыңыз. Балконнан және терезелердің алдынан ауа тасқынымен басып алатын заттарды алып тастаңыздар. Радиоқабылдағыштар мен теледидарларды қосып қойыңыз олар бойынша жаңа маңызды ақпарат түсуі мүмкін. Электроқуаттың өшірілуі мүмкін оған дайын болыңыз. Жеңіл құрылыстардан берік ғимараттарға ауысыңыз. Қар тазалау үшін күрек, саймандар дайындап қойыңыз.

Күшті бұрқасынның барысында не істеуіміз қажет

Тек қана ерекше жағдайларда ғимараттардан шығыңыздар. Жалғыз шығуға тыйым салынады. Отбасының мүшелеріне немесе көршілеріңізге қайда баратыныңызды және қашан қайта келетініңізді хабарлаңыз. Егер Сіз бағыттан айырылсаңыз, жаяу елді мекеннен тыс бара жатсаңыз, жолығызға түскен бірінші үйге кіріңіз, қай жерде екеніңізді анықтаңыз және мүмкіндігіңіз бойынша бұрқасынның аяқталуын күтіңіз.

Егер Сіздің күшіңіз таусылса, бұрқасыннан қорғайтын пана іздеп сонда қалыңыз. Таныс емес адамдармен қарым-қатынастарда ілтипатты және абай болыңыз, себебі апат барысында автомобильдерден, пәтерлерден және қызметтік ғимараттардан ұрылықтың саны жылдам көбейеді.

Күшті бұрқасыннан кейін қандай әрекет етуіміз қажет

Егер күшті күртіктердің шарттарынан Сіз бөлмеде қоршалып қалсаңыздар, абай болыңыз, дүрлікпеңіз, өзіңіздің күшіңізбен күртіктің астынан шығу мүмкіндігіңіз бар ма екендігін анықтаңыз (құрал-саймандарды және қол астында барды пайдаланыңыз). Елді мекеннің әкімшілігіне  күртіктің сипаты туралы және одан өз мүмкіндігіңізше  шығатыныңызды хабарлаңыз. Егер өзіңіз қарды күртіктен шыға алмасаңыз,  құтқарушы бөлімшелермен байланысып көріңіз. Радиотрансляциялық қабылдағышты (теледидар) қосып қойыңыз  және жергілікті атқарушы органдардың нұсқауларын орындаңыз. Жыллының сақталуына және азық қорларының үнемделуі бойынша  шара қолданыңыз.

Автомобильді жолдарындағы күртіктер

Ауа температурасының қатты төмендеуiне қоса күштi қар жау және қара дауылдың болуының нәтижесінде автомобиль жолдарында және темiр жол магистральдарында жиi күртiктер пайда болады.

  Дауылды ескерту туралы дер кезiндегі хабарлауға қарамастан, бiздiнiң әрқайсысымыз автомобильді жолында қарлы боранның астында  қалуымыз мүмкін. Менменсушiлiк, абайсыздық, қысқы жағдайларда қауiпсiздiк шараларын және өзін-өзі құтқарудың ережелерiн бiлмеушiлiк адамдардың құруына келтiре алады.

Қыс мезгілінде жолға шығу алдында, бәрiн бөлшектерге дейiн мұқият ойлаңыз және жоспарлаңыз. Авариялық жағдайда әр ұсақ-түйек маңызды!

Ауа райының өзгерiстерiн қадағалауға тырысыңыз, метеорологиялық мәлiметтерді тыңдаңыз. Жолға шығудың алдында ауа райы және оның болжамын анықтап алыңыз. Жақсы ауа райы жолда қауiпсiздiктiң кепiлдiгі бола алмайды.

Қарлы боранда құрудан қорғау кепiлдiгі - бiрнеше ең оңай ережелердi орындау:

Егер бұрқасын, боран сiздi жолда автокөлікте іліксе тоқтау, автотұрақты белгілеу және  ашық түсті матаны ілуіңіз қажет.

Машинаның жалюзиларын  толықтай жауып, радиатор жағынан  қозғағышты  қымыттап жабыңыз. Машинаны капотымен жел бағытымен қойыңыз.

Жанармайды үнемдеңіз, пешті үзіліссіз қоспаңыз. Машинаны қармен жабу қаупі бар жағдайларда мезгілімен машинаның бір есігін ашып отырыңыз, сізді салонның ішінде қар басып тастамау үшін қарды тазалап отырыңыз.

Қармен басып тастаған машинаның ішінде қалай тоңсаңыз да, қозғағышын жақпаңыз.

Қозғағыштың жұмыс істеу кезінде газдар бөлінеді  және   ылғи автомобиль салонында шоғырланатын  газдар сіздерді аяздан әлдеқайда бұрын жояды.

Егер сіздің жылынғыңыз келсе, далаға шығып құбырды қардан тазалаңыз, газ автомобильдың астына емес атмосфераға шықсын деп. Бірақ шықпас бұрын міндетті түрде жіппен байланып алыңыз . Боранда адам өз үйінің немесе машинаның жанынан жарты метрге алшақтап кенетте бағытынан айырылып қайтыс болған  көп оқиғалар белгілі.

Егер жолда сіздің автокөлігіңіздің моторы өшіріліп қалса дүрлікпеңіз, жағдайды, бағытты, қай жерде екеніңізді, елді мекенге  дейін ара қашықтығы неше екендігін және т.б.  анықтаңыз.  Егер сіз көмек күтсеңіз, ұйықтап қалмауға  тырысыңыз. Барам деп шешім қабылдасаңыз, трасса, асфальты ұстаныңыз, олар күртікке душар емес және олардың жиегі бар оларға бағдарлау болады.

Үсік шалу кезінде не істеуіміз қажет

Тәжiрибенiң көрсеткеніндей,  адамдардың аяқ, қолдары мен беттері жиi және тез тоңады. Санаулы минуттарда қатты үсiкке шалу алуға болады. Жиi үсiрiп алу байқаусызда болады. Сондықтан сiздердің жаныңыздағы адамдардың құлақтардың сырғалықтарының,  мұрынның ұштары, иектері, беттерi  кенет бозарса  бұл туралы оларға  хабарлаңыз. Еске сақтаңыз, адамның тонуын алдын алу жылытуға қарағанда әлдеқайда жеңiлдеу.

Бiрiншi көмек салқындаудың тоқтатылуынан, аяқ-қолды жылытудан, суық тиген жерлердің қанайналымын қалпына келтіруден, суық тиюді тоқтатудан және жұқпаның дамуын ескертуден тұрады. Бiрiншi, үсiк шалу белгiлерi бар жағдайда - зақымдалған кісіні ең жақын жылы үй-жайына жеткiзіңіз, тоңып қалған аяқ киiмдi, шұлықты, биялайды шешіңіз. Бiр мезгiлде бiрiншi көмектiң шараларын өткiзумен дәрiгерді жедел шақыртуыңыз қажет. Зақымдалғанды 25С судың температурасымен шомылғысына орналастырыңыз. 15—20 минуттардың ағымында бiртiндеп шомылғыға ыстық су қосыңыз, судың температурасын 36—37С дейiн жеткізіңіз және бүкіл денесіне қажырлы сылау жасаңыз.Содан соң зақымдалғанды шомылғыдан шығарып, сүлгiмен құрғағанша сүртіңіз, төсекке жатқызыңыз және жанжақтан жылытқы салыңыз. Жылы су болмаған жағдайда үсiген жерді қолмен немесе басқа дене мүшелерімен жылытыңыз. Зақымдалған кісіні жылы жауып, ыстық сусын, ауруды басатын дәрі беріп тезарада емдеу мекемесiне жеткiзуді ұйымдастыру қажет. Дененiң үсiген жерлерін майлармен майлауға немесе сылауға, қармен уқалауға, ыстық суға салуға болмайды.

Қыс өзінде күтпегендікті  және сынақтарды жасырады, кейде жарымжан етiп, кейде құртады. Әркім авариялық жағдайларға дайындалуы қажет, табиғатта тiрi қалуға - моральді, физикалық, психологиялық, ұйымдастырушылық, өз бiлiмдерiмен, дағдыларымен және тәжiрибелерімен, оқып және жаттығып, төтенше жағдайларда тiрi қалудың түсiнiктерiмен танысып меңгеруі қажет.