Баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керек?

Қалалық жерлерде балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептерінің бірі – әсіресе терезеден құлап кету оқиғалары. Ашық терезе алдында кішкентай балалар осал болады, өйткені оларды ашық терезенің арғы жағында не болып жатқаны қатты қызықтырады.   Бұл туралы әртүрлі алынған жарақаттардан балалардың қаза болу деңгейі куәландырады.

Балалардың абайсыздығынан болған оқыс оқиғаға ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды.

Қазіргі жаз мезгілінде ашық тұрған терезенің балаларының өміріне қауіпті екенін ата-аналар ұмытып кетеді.

Ағымдағы жылғы 2-тоқсанның өзінде терезеден (Жамбыл мен Қарағанды облыстарында 7 фактіден; Астана қ.– 6; Алматы қ., Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары 2 фактіден; Атырау облысы – 1) адам құлаған (барлығы балалар) 31оқиға болғанын атап өткен жөн, соның салдарынан 7 бала қайтыс болып, 24 әртүрлі жарақатымен емдеу мекемелеріне жатқызылған.

Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, бірнеше секундқа бір нәрсеге алданып кеткенде, балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.

Ешқашан масаға қарсы торларды пайдаланбаңыздар, себебі, балаңыз торға сүйеніп, онымен қоса сыртқа қарай құлап кетуі мүмкін. Балаларыңызды еш уақытта қараусыз қалдырмаңыздар!

Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге тіреуіш орнатыңыз!

Терезеден құлау жағдайынан балаларды қалай сақтауымыз керек?

Терезеден құлау оқиғаларына көбінесе ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ұшырайды. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар.

Терезеге шықпауы үшін, терезе маңындағы жиһаздардың барлық түрін алып тастаңыздар.

Масаға қарсы торларға еш уақытта сенбеңіздер! Олар құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды! Керісінше олар осы масаға қарсы торларды қауіпсіз деп ойлайды, алайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.

Мүмкіндік болса, терезенің астыңғы жағын емес, жоғарғы жағын ашып қойыңыз.

Балаңыз терезені аша алмауы үшін терезеге бірнеше арнайы бекіткіштер орнатыңыз.

Егер де сіз балаңызға терезеден бірдеңелерді көрсететін болсаңыз – балаңызды қатты ұстап, қимыл-қозғалысын қадағалаңыз, тез қозғалыс әрекеттеріне дайын болыңыз,қолыңыз құрғақ болып,  киімінен ұстамауға тырысыңыз.

Егер сіздің дәл қазір бекіткіш немесе сақтандыратын жабдық орнатуға мүмкіндігіңіз болмаса, тұтқаны бекітіп тұрған бұрандаманы бұрауышпен алып тастап, жоғары жаққа қойыңыз.

Барлық жоғарыда аталған ережелер балконда да сақталуы тиіс.

Жыл сайын биіктен құлау себебінен көптеген балалар мерт болуда. Ата-аналар балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Абай болыңыздар!