Сел тасқыны қаупі және оның қалыптасуы кезіндегі іс-қимылдар туралы халыққа ақпарат

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті көктемгі-күзгі мезгілде сел құбылыстарының болу ықтималдығын ескертеді. Алматы қаласы үшін мейлінше қауіпті төтенше жағдайлардың бірі – сел болып табылады, бұл қаланың Іле Алатау ауданындағы селдің белсенді жүретін теліміндегі және сел жүру қаупі бар таулы өзендердің: Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Есентай және т.б. қалаға шығуымен орналасумен негізделген. Егер Сіздің баспанаңыз сел жүру қаупі бар аймақта орналасқан болса, сел ағыны жүрген жағдайда бағытыңыз бен қозғалысыңызды алдын-ала ойластырыңыз. Дер кезінде көшу барысында, үйді тастап кетер алдында электр, газ және су құбырын өшіріп кетіңіз.

Есікті, терезені, желдеткіш тесіктерді мықтап бекітіңіз. Тауға шығар алдында бұл жерлердің өзіңіз жүретін бағытын жақсылап қарап алыңыз, әсіресе қатты жауыннан кейін олардан сақтаныңыз. Сел ағынынан тек қана қашып құтыла алатыныңызды әрқашан есіңізде сақтаңыз. Сел қаупі төнген кезде өзіңізбен қажетті және құнды заттарыңызды алып, мейлінше биік жерге көшуді дереу іске асырыңыз. Жақындап келе жатқан сел ағынының шуын ести салысымен тез арада кем дегенде 50-100 м. алқаптың түбінен ағынмен бойлай биік жерге көтерілу қажет.

Сонымен бірге жойқын ағынмен үлкен қашықтыққа өмірге қауіпті үлкен салмақтағы тастар құлауы мүмкін. Сел жүрген кезде және кейін де абыржымаңыз және әбігерге түспеңіз. Зардап шеккендерге, балаларға және қарттарға көмек көрсетіңіз. Тек ресми көздер ақпаратына назар аударыңыз.