Су тасқыны. Аман қалу және көмек көрсету дағдылары

Су тасқыны туралы аздаған мәліметті сіздердің назарларыңызға ұсынғымыз келеді. Су тасқыны туралы мәлімет.

Су тасқыны - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады.  Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Тұрғындарды көшіру үшін уақытша резервтегі тұрғын үйді көрсетіп, су алуы мүмкін аймақтан тұрғындарды, малды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарларын түзету;

- Қар көп жиналған жерлерді тазалау, су өтетін арналарды және каналдарды тазарту, мехнаизмдерді және су өткізетін құрылғыларды жөндеу;

- Су алуы мүмкін аймақтардан және телімдерден еріген сулардың кедергісіз өтуін ұйымдастыру;

- Су алуы мүмкін аумақтарды алдын ала себу керек;

- Су тасқыны маусымында негізгі қамтамасыз ету базасымен қатынассыз қалатын елдімекендерде, шопандардың тұрғын жерлерінде азық-түлік, отынның қажетті қорын құру.

Су тасқынының ауыр салдарын жеңілдетуге болады, егер келесі қауіпсіздік ережесін ұстанса:

- Көктемде қарқынды қар ери бастаған кезде, қолайсыз ауа райында, сел жүре бастаған кезде төмен өзен жалағалауына тоқтауға болмайды;

- Апатты су тасыған кезде тез төмен жерлерден кету керек, тым болмаса бедердің жоғарғы жағына қарай жету керек;

- Су қоймасы бөгетінің және өзендердің жанында орналасқан саяжайға барудан бас тарту керек;

- Өзендердің үстінен өтетін терең және кең жырадан, каналдардан, орлардан және басқада конструкциялардан өтуге болмайды;

- Құрлықтан алшақ болмау үшін өзендердегі түбектерге баруға болмайды;

- Жазатайым оқиға болмау үшін белгісіз жерлерден, өзендердің, арықтардың, басқада суаттағы мұздың үстімен өтуге болмайды;

- Балалардың өзендердің, қазаншұңқырлардың, терең жыралардың жанында ойнауға тыйым салыңыз;

- Балықшылар осы кезеңде су толық түскенге дейін балық аулаудан бас тарту керек.

Егер Сіз өзеннің алай-дүлей көтерілген толқынында қаза болғыңыз келмесе, көктемнің су тасқыны нәтижесінде құнды заттарыңыздан айырылғыңыз келмесе, қазір қажетті шараларды қолданыңыз.

Егер сіз су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алсаңыз не істеу керек

Егер сіздің аудан су тасқыны мен су басудан жиі зардап шегетін болса, онда су басу аймағының шекараларын, сондай-ақ биік жерлерді, өзіңіз тұратын жерге жақын орналасқан, сирек су басатын жерлерді, сондай-ақ сол жерлерге баратын төте қысқа жолды біліп және есте ұстаңыз,

Қайықтың, су салдарының және жүзу құралдарының дайындауға қолда бар материалдардың сақтау орындарын есте сақтаңыз. Эвакуация болған жағдайда бірінші кезекте өзіңізбен бірге алатын құжаттардың, мүлік пен дәрілердің тізімін алдын-ала жасаңыз.

Құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, артық тамақтарды, суды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді арнайы шамаданға немес рюкзак қапшыққа салып қойыңыз. Қайық пен басқа да жүзу құралдарын дайындаңыз. Оларды су айдап әкетпес үшін, міндетті түрде байлап қойыңыз.

Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:

- суды, газды және электр тоғын өшіріңіз;

- жанып тұрған пешті сөндіріңіз;

- егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;

- ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз орынға апарыңыз;

- өз үйіңізді апат соққысына дайындаңыз;

- бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп тастаңыз;

- өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен дәретханаға қажеті заттарды сонымен қатар үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты чемоданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз;

- қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.

Кенеттен су басса:

- үрейленбей, сабырлылық танытыңыз;

- тез арада жақын жердегі қауіпсіз, биік жерге шығуға тырысыңыз, сумен сонымен қатар қолда бар жүзу құралдарының көмегімен көшуге тырысыңыз;

- егер бұл мүмкін емес болған жағдайда жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына шығыңыз;

- су көтерілген жағдайда шатырға ал су тез көтерілген жағдайда – үй шатырының қырына шығу керек;

- балалар, ауру, әлсіз, жаураған адамдарды өзіңізге немесе шатырдың берік бөлігіне мысалы пеш құбырына байлаңыз;

- ағаштарға, бағандар мен сенімсіздік тударатын құрылыстарға шығуға болмайды. Олар су тасқынымен қозғалып, құлауы мүмкін;

- құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын беріп отырыңыз; күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата іліңіз, ал түнгі уақытта жарық дабылын беріңіз;

- құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы қабатта және биік жерлерде қалыңыз;

- өз бетіңізбен көшіруді тек зардап шегушіге тез арада медициналық көмек көрсету қажет болғанда, тамақтың жоқтығынан, құтқарушылардың келуіне сенімсіздік туғанда немесе жай - күй нашарлағанда жүзеге асыруға болады;

- өз бетінше көшіруде жеке қайықтар мен катерлерді, бөренелер мен басқа да қолда бар құралдарды пайдаланыңыз.