Алматы қ. ТЖД өрт сөндіруші мотоциклдері байкерлік мотошерудің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Өткен аптада байкерлік маусымның жабылу құрметіне мотошеру өтті. Бұл іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен мотоциклшілер келді. Бүкіл бағыт бойы ұйымдастырылған колонна ҚР, Алматының және «Нұр Отан» партиясының туымен жүріп өтті. Алматы қ. ТЖД дәстүрлі думанды іс-шарадан тыс қалмады, байкерлермен бүкіл бағыт бойы ілесе отырып өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

         Алматы қ. ТЖД жедел ден қою мотоциклетті экипажы арқаға ілінетін импульсті өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған; автокөлікті сөндіру үшін лақтырма өрт сөндіргішімен қосымша жинақталған, сондай-ақ зардап шеккендерді алып шығу кезінде машиналарды кесу мен ашуға арналған кіші механизациясы өрт-техникалық жабдығымен жабдықталған.

         Пилоттық жобаның Алматы қ. Әкімінің қаржылық қолдауымен енгізілгенін еске сала кету керек. Бұл мегаполис жағдайында өрт сөндірушілердің жедел ден қою уақытын азайтуға бағытталған. Мұнымен қоса, Алматы қ. ТЖД ТЖ-ға шығу статистикасын жүргізеді және арнайы бөлімшелер жұмысының тиімділігі тәжірибедегі жұмыс уақытының шамасына қарай талданатын болады.

 

                                                              Алматы қ. ТЖД баспасөз-қызметі