Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде «Жылыту кезеңіне өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында брифинг өтті

        Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде  Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі  М.Т.Бекбаевтың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен «2017-2018 жылдардағы жылыту кезеңінде Алматы қаласының жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті. Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, 2017-2018 жылдарда жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігінің профилактикасы – Департаменттің қазіргі негізгі міндеті екенін атап көрсетті.

- «Өткен жылыту кезеңінде 61 улы газбен улану оқиғасы тіркелді, оның ішінде 31- балалар. Оған қоса, отты сақтықсыз қолдану, пештерді қалау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзу, балалардың отпен ойнауы, электр өткізгішті монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзу – тұрғын үй секторындағы өрттің негізгі себептері болып табылады» - деді спикер.

         Қазіргі таңда Департамент Алматы қаласының әкімдіктерімен және Ішкі істер департаментімен бірге тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуде. Айлықты өткізу барысында жеке тұрғын үйлерге аулааралық аралау, тұрғындармен жиындар және т.б. өткізілуде.

2016 жылмен 2017 жыл аралығында 141 мың 353 жеке тұрғын үй тексерілді, оның ішінде өрт жиі болып тұратын шағын учаскелермен мен көшелер анықталды. Осыған байланысты қосымша Қызыл жарты ай жұмыскерлері және еріктілер тартылып өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы туралы жаднамалар таратылып 66 мың 400 үйді қызметкерлер аралап шықты.

Өртті ескерту бойынша алдын алу жұмыстарының аталған түрі жылыту кезеңінде  мейлінше тиімді үгіт шешімі бола білді.

Брифинг қорытындысымен жақындарының өмірі мен денсаулығын және мүлкін сақтау мақсатында Алматы қ. ТЖД қызметкерлері азаматтарды өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырды:

  Көмірмен от жаққанда,  газды қосқанда өздерінің жылыту құралдарын ахуалын тексеру. Пештің түтін жолдарын күлден тазарту, жарылған жерлерді бітеу, пеш есіктерінің қақпағын  тексеру, ұңғымалардағы барлық жарылған жерлерді бітеу, пеш есіктерінің қақпақтарын тексері, түтін мұржалары жай-күйін тексеру үшін білікті шеберлерді үйге шақыру. Электр сымдарының ахуалын тексеру.

 

Алматы қ. ТЖД  баспасөз қызметі