Алматыда жалпықалалық сейсможаттығу өтті

05 қазанда Алматыда азаматтық қорғау қалалық жүйесінің дайындығын және ықтимал жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-қимылдарын тексеруге бағытталған жалпықалалық сейсможаттығу өтті.

Жаттығуға азаматтық қорғаудың барлық қызметтері, ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар, медициналық мекемелер, жоғары, арнайы ортажәне орта білім беру мекемелері, сондай-ақ қала тұрғындары  қатысты.

Жаттығу алдында Алматы қаласының ТЖД қызметкерлері жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережелері туралы жадынамалар менхалықтың жиналупункттерінің сызбаларын420 астам көпқабатты үйге таратты.

Қала тұрғындарына өткізілетін жаттығу туралы хабарландыру БАҚ  арқылы,яғни мобильді операторлар желісі бойыншаSMS жіберу арқылы жүзеге асты. Онда қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық пен ұйымшылдықты сақтап, сейсможаттығуды өткізуге белсенді қатысуғашақырды.

Күндізгі сағат 12-55-те «Баршаның назарына!» сигналы берілді, бұл ретте 2019-2017 жылдары қаланың жергілікті бюджет есебінен сатып алынған 506 электрсиренамендабылды-сөздік құрылғы іске қосылды. Медиа-сервер кабельдік телевидидардың 140 сандық арнасы,  телехабар тарататын 24 арна мен радио ҒМ желісіндегі 13 радиоарна желілерін ұстап, жаттығудың басталуы туралы хабаралама берілді.Электрсиреналар мен ДСҚ  қамтитын аймақтардан тыс жерде тұратын халық сигналдық-дауыс зорайтқыш құрылғыларымен жабдықталғанАлматы қаласының ІІД патрульдік автомобильдерінің көмегімен құлақтандырылды.

Түрксіб ауданындағы «АЛАШ» стадионына қаланың азаматтық қорғау қызметі мен авариялық-құтқару құралымдары жұмылдырылды, олардың құрамында 175 адам мен 45 бірлік техника қатысты. Алға қойылған оқу-жаттығу міндеттерін орындау барысында кинология есептерді, сондай-ақ қажетті құтқару құрал-жабдықты тарта отырып, адамдарды құтқару бойынша практикалық элеметттерпысықталды.

Оған қоса, Алматы қаласының Құтқару қызметі баспанасыз, дәрі-дәрмексіз қалғанхалықтың жиналу пункттерінқамтитын шатырлар қалашығы өрістетілді, сондай-ақ азық-түлікпен және киім-кешекпен қамтамасыз ететін жылжымалы пункттердің мүмкіндіктері көрсетілді.

Жалпы алғанда, сейсможаттығу қаладағы азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің апат жағдайына дайын екенін байқатты.

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі