Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде үздік газ-түтіннен қорғаушылар анықталды

Байқау-конкурсының мақсаты газ-түтіннен қорғаушылардың кәсіби шеберлігін бағалау, олардың түрлі жағдайларда тыныс алу аппараттарымен жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі жұмыс дағдыларын жетілдіру және бөлімшелердің барлық жеке құрамын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру бойынша тәлімдеме» талаптарына сай жұмылдыру болатын.

Жарыс екі кезеңде өткізілді:

Бірінші кезең Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерінде өтті. Оған өрт сөндіру бөлімдері кезекші қарауылдарының ГТҚҚ барлық буындары қатысты, нәтижесінде өрт сөндіру бөлімдерінде бірінші орынды иеленген кезекші қарауылдардың үздік буындары іріктелген болатын.

Екінші кезең – гарнизондық мамандандырылған жасақта өтті, онда әр өрт сөндіру бөлімінен жарыстың бірінші кезеңі өткізілгенде бірінші орын алған кезекші қарауылдардың газ түтіннен қорғау буындары қатысты. Байқау кезеңдерінде «Газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру тәлімдемесі» теориялық білімі, ГТҚҚ буыны ТКОЖҚҚ бақылауға тексеру жүргізу, бағыттаушы арқанды төсеу, оқу мұнарасының 3 қабатынан терезеден құлап зардап шеккен адамды құтқару, сондай-ақ ГТҚҚ буынының «Б» оқпанымен нысананы атып түсіру және түтін камерасының лабиринтінен өту бойынша сынақ тапсыру болды.

Аталған жарыс барысында Мамандандырылған жасақтың ГТҚҚ буыны үздік нәтиже көрсетіп, жалпы командалық 1 орынды иеленді және Алматы қаласы гарнизонының «ГТҚҚ үздік буыны» атағына ие болды. 2-ші орынды № 7 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ГТҚҚ буыны иеленді, 3-ші орынға № 1 Өрт сөндіру бөлімінің ГТҚҚ буыны ие болды.

Жүлделі орын алған командалар грамоталармен марапатталды және де оларға Алматы қаласының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ басшылығы сыйақы тағайындайтын болады.

                                                   

                                                             Алматы қаласы ТЖД

                                                             баспасөз-қызметі