Алматының студент-еріктілері «Қауіпсіздік – әр үйге!» акциясына қатысты

Алматыда «Қауіпсіздік – әр үйге!» акциясы басталды. 2017-2018жж. жылыту кезеңінің басталуымен Алматы қ. ТЖД инженерлік-инспекторлық құрамы мен өрт сөндіру қызметі күн сайын тұрғын үй секторының тұрғындарына профилактикалық рейдтер және түсіндірме жұмысын жүргізуде. Бүгін бұл іс-шараға студент-еріктілер де келіп қосылды.

Жылдың суық мезгіліне байланысты жылыту пештерін орнату мен пайдалану, сондай-ақ тұрғын үй-жайда электрлі ысыту құралдарын қолдану ережелерін түсіндіруге басты назар аударылады.

Жас еріктілер өрттің алдын алу – өте маңызды іс екендігін ұғынып отыр. Халықты оқыту өрттің туындауы мен адам өлімі оқиғаларын болдырмауға мүмкіндік береді.  Жекелеп алғанда, азаматтар өрттің шығу себептерінің ең көп таралғанына – жылыту пештерін пайдалану ережелерінің бұзылуы, электр желілерінің ахуалы, пәтерлердің қоқыстануы, түптерден жасалған жылытқышты қолдануға көңіл аударады.

Профилактикалық рейдке қатысушылар  қала тұрғындарына жылыту пештерін кемінде 2 айда бір рет тазалап тұру қажет екенін ескертті.

Алматы қ.ТЖД Әуезов аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты  Айдос Ахметқалиев:

- Пештің от жағылатын есікшесі алдында металл қақпақ қағылуы тиіс. Саңылаулары бар пештерді және қатты жабылмайтын от жағылатын есікшелерді, отты тұтандыру үшін сұйық жанар-жағар майды (бензин, керосин және т.б.) пайдалануға, пеште және оған жақын маңда ағаш отын, аяқ киім, киім кептіруге, оған жиһазды тақап орнатуға тыйым салынады. Сондай-ақ жанып тұрған пешті қараусыз қалдыруға және оны қарауды балаларға тапсыруға болмайды.

Алматы қаласы бойынша өткен 2016 жылда жүргізілген статистикаға сай 304 жарақат алу оқиғасы,  оның 100-і – улы және 106 табиғи газбен улану оқиғалары тіркелген.

Алматы қаласы бойынша тұрғын үйде өрттің шығуын ескертуді алдын алу мақсатында, Департамент бүкіл жылыту кезеңінің іс-шаралар кешенін қарастыратын 2017-2018 жылдардың жылыту маусымындағы өрт шығу кезінде адамдардың жарақат алуы мен өлімін азайту жөнінде Жоспар құрды. Осылай Алматы қаласының барлық аудандарында Алматы қ. ТЖД инженерлік-инспекторлық құрамы 107 мың 582 жеке тұрғын үйді аралап шықты, осының нәтижесінде 3571 адам қамтылып 213 жиын өткізілді. Мұнымен қоса, ЖПК өкілдері жертөледегі және үйлердің шатырындағы тұратын жері белгісіз тұлғаларға шектеулі рұқсат берілетіндігі туралы әңгіме жүргізуде.

Жоспарланған өртке қарсы іс-шаралар кешені жылыту кезеңі аяқталғанға дейін орындалатын болады.



Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі