Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде брифинг өтті

2017 жылдың 16 қарашасында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар  департаментінде 07 сағат 42 минутта болған жер сілкінісі дерегі бойынша сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде брифинг өтті.

Құрбандар мен қираудың жоқтығы анықталды. Барлық тыныс-тіршілік объектілері штаттық режімде жұмыс істеп тұр.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіров Алматы қаласының тек жер сілкінісіне ғана емес, сонымен бірге сел, сырғыма, көшкін, өрт және т.б. табиғи және техногендік сипаттағы түрлі Төтенше жағдайларға ұшырағыш екендігіне тоқталып өтті. Жыл сайын Алматы қаласынан 80 шақырым радиуста 200-ге дейін әлсіз жер сілкіністері болып тұрады. Бүгінгі екі баллмен сезілген сейсмикалық белсенділік Алматы болжау полигоны үшін фондық режім болып саналады. Сейсмикалық қауіпсіздік саласында тәжірибесі бар шет елдер аналогиясы бойынша Әкімдік Алматы қаласы аумағында қатты жер сілкінісі болғанда ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық тұрақтылығына ықтимал ахуалды бағалау үшін паспортизация жүргізуде. 7027 ғимаратқа тексеріс жүргізуге ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен қажетті қаражат бөлінді. Бұл алдағы уақытта Алматы қаласының Бас құрылыс жоспары мен Ережесіне тиісті ұсыныс енгізу мүмкіндігін береді деп күтілуде.

Білім және денсаулық сақтау объектілеріне жоспарлы сейсмикалық күшейту, сондай-ақ құлауға шақ тұрған тұрғын үйлерді бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыс республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен бірігіп жүзеге асырылу үстінде. 2009 жылдан бастап 2020 жылға дейін барлығы 183 объектіге сейсмикалық күшейту жұмыстары жоспарланған. Соңғы 2 жыл ішінде 58 объектіге сейсмикалық күшейту жүргізілді, бұл алдыңғы бес жылға қарағанда 1,5 есе артты дегенді білдіреді.

Құлауға шақ тұрған тұрғын үйлерді бұзу Бағдарламасы аясында 56 қираған тұрғын үй немесе 578 пәтер бұзылды. Олардың орнына 1971 пәтерімен 56 үй тұрғызылды, бұл бұрынғыдан 4 есе көп. Жүргізілген жұмыстың тиімділігін ескере отырып Бағдарлама 2020 жылға дейін жалғасатын болады.

Алматы қаласының қолданыстағы сейсмикалық микроаудандандыру картасы ескірді, осыған байланысты, Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Сейсмология институты жаңа әдістемелік негізде жаңа карта әзірлеу үстінде, карта аяқталуға жақын.

Алматы қаласының құлақтандыру жүйесі өткен ғасырдың 70-ші жылдарында құрылған болатын және де аумақты қамтуды 30%-бен қамтамасыз етіп отырған (244 электр дабылы). Соңғы 2 жылда 262 дабылды сөйлеу қондырғылары жиынтығы сатып алынды, қала аумағын қамтуды 60%-бен қамтамасыз етіп отыр. Дабыл қондырғыларының жұмыс істеу қабілеттілігіне ай сайын тексеріс жүргізіліп отырады.

Жылыту маусымына дайындық аясында Департамент 88 мыңнан аса  жеке тұрғын үйді ауласымен қоса аралап шықты. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар, сондай-ақ жер сілкінісі кезінде өзін қалай ұстау керектігі жайлы топтамалар таратылды. Өткізілген іс-шараға халықтың қызығушылығын арттыру үшін танымал мәдениет және өнер қайраткерлері (Айжан Нұрмағамбетова, Әбунасыр Серіков) шақырылды.

Брифингті Сейсмология институтының директоры Боранбаев Анвар Кимович жалғастырды, ол бүгінгі таңда сейсмикалық жағдайдың дәл күнін, уақытын, күші мен орнын болжап айтудың мүмкін еместігін атап өтті. Бұрындары сейсмикалық оқиға 100 жылда бір рет болуы мүмкін деген сенім болатын. Ал, қазіргі таңда қолда бар деректерге сүйенсек, қатты сейсмикалық оқиға күтілмейді. Бір не басқа аумақта сезілетін әлсіз жер сілкіністері қатты жер сілкінісі болуы ықтимал жер түбі телімдерінің қысымын азайтады.

Брифинг соңында Анвар Боранбаев тілшілерге «Қала тұрғындары арасында шу тудырмас үшін, брифингте алынған ақпараттың дұрыс таратылуына» ұсыныс жасады.



                                                 Алматы қаласы ТЖД

                                                 баспасөз-қызметі