Қауіпсіздік туралы білім – әр балаға... сурдоаудармамен

Алматыда арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған «Қауіпсіздік туралы білім – әр балаға» акциясы өтуде. Өмір сабағы сияқты өрт қауіпсіздігі сабақтары да әр адам үшін маңызды.

Алматы қаласының «Мемлекеттік арнайы (түзету) білім беру мекемесі №1 мектеп-интернатында есту қабілеті нашар тәрбиеленушілер, оқушылар үшін» Департамент қызметкерлері балалармен өрт қауіпсіздігі жөнінде сабақ өткізді, оларға өрттің шығу себебі, оның туындау жағдайында қандай әрекет жасау керектігі туралы айтып берді.

Сабақ өткізу үшін сурдоаудармашының көмегі қажет болды. Мектеп-интернат оқытушысы ым, қимыл тілімен өмірдің қажетті шындықтарын аударып беріп отырды. Мектеп оқушылары да әңгімеге араласты, олар өрт туралы өздеріне ыңғайлы тәсілдермен ақпарат беру нұсқаларын ұсынды. Әңгімеде өрттің шығу себептерін, оның ішінде балалардың отпен ойынын көрнекі түрде көрсететін «Балаларға қауіпсіздік туралы» слайды пайдаланылды.

Балалар әсіресе ҚР ІІМ ТЖК дайындаған өрт туындаған жағдайда үйде, мектепте, орманда өзін қалай ұстау керектігі түрлі орналасқан жерде  көрсетілген мультипликациялық бейнеролигін қызыға тамашалады.  Балалардың реакциясына қарап, олардың сабақты меңгергені байқалды, енді олар осы немесе басқа да жағдайда нені істеу, нені істемеу керектігін біледі.

Интернат тәрбиеленушісі Асылбеков Нұрлан: «Мен өрттің де адамдар сияқты бір-біріне ұқсамайтынын білдім» деп, өз әсерімен бөлісті. – Өртті тек сумен ғана емес, сонымен бірге көбікпен де сөндіруге болады екен. Өйткені бір өртте от жылдам қаулап жанады да, жақын маңда орналасқан үйлерге қауіп төнеді. Ал, кейбір өртте жалынды дереу бақылауға алып, саналған минуттарда өшіруге болады.

Сондай-ақ мамандар жер сілкінісінің туындауы кезіндегі әрекет алгоритмін, жер сілкінісіне дейін және жер сілкінісі кезіндегі өзін ұстау тәртібі, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету туралы айтып берді.

Дабыл чемоданының ішіндегі заттармен таныстырды. Сабақ барысында балаларға №1 интернат ғимаратындағы мейлінше қауіпсіз жерлерді слайд пен бейнеролик арқылы көрсете отырып әңгіме өрбіді.

Теориялық білім ғимараттан іс жүзіндегі эвакуациялау тәжірибесімен жалғасын тауып қорытылды.

Кездесу соңында Алматы Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру-құтқарушылары балаларға жауынгерлік өрт техникасын көрсетті, оларға өрт сөндіру автомобилінде отыруға мүмкіндік берді. Балалар жауынгерлік киімдерді, касканы киіп көру мүмкіндігіне ие болды.

Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі