Азаматтық қорғау қызметтерінің жер сілкінісіне тартылған күш пен құралдарын тиеу

2017 жылдың 24 қарашасында Алматы қаласы авариялық-құтқару қызметтерінің дағдыларын пысықтау мақсатында, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында орналасқан «ҚТЖ»  ҰК АҚ «Жетісу» станциясында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдай аймағына эшелондарымен техника тасымалдауды ұйымдастыру үшін қаланың азаматтық қызметтерінің күші мен құралдарын теміржол көлігіне тиеу бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларын өткізді.

Іс жүзінде платформаларға арнайы техниканы кіргізу элементтері көрсетілді, доңғалақты және шынжыр табанды техниканы әмбебап көп мәрте пайдалану (ӘКП-20) құралымен бекітудің тәртібі мен ерекшеліктері іске асырылды. Оқу-жаттығу барысында инженерлік және арнайы техниканы тиеу (түсіру) кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуына айрықша көңіл бөлінді.

Алматы қаласы Азаматтық қорғау қызметтерінің алдына қойылған мақсаты мен міндеттерінің барлығы орындалды.

Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі