Балалар өрт сөндірушілерге отты тоқтатуға көмектесті

Ағымдағы жылдың 1 қарашасында Медеу ауданында Алматы қ. ТЖД өрт сөндірушілері күрделі өртті сөндірді. Тау беткейіндегі жүріп-тұру қиын жерде қураған ағаштар өртенді. Тік жартастар мен тар жолдар өрт сөндіру машиналарының көтерілуіне мүмкіндік бермеді, от жылдам қаулап жанып жайыла бастады. Тұрғын үйлер мен саяжай үйлеріне от кету қаупі төнді. Өртке қарсы қызмет жауынгерлері өртті қол құралдары көмегімен сөндіріп бақты, жұмыс қолы жетіспеді.

Бір заматта күтпеген жерден балалар пайда бола кетті, олар бір-біріне су толтырылған шелекті беріп отырып болыса бастады. Алайда өрт тоқтағаннан кейін кішкентай құтқарушылардың қалай келген болса, солай байқатпай кетіп қалды. Өрт сөндірушілер өздерінің кішкентай көмекшілерін іздеп табуды шешті. Бірақ бала еріктілердің не аты-жөндерін, не мекен-жайларын білмейтін еді. Еріктілердің арқасында балалар табылды. Олар № 99, № 64, № 29 Алматы мектептерінің оқушылары болып шықты және өрт шыққан жерге жақын жерде тұрады екен. Ең кішкентай құтқарушының жасы бар болғаны 7-де, ал үлкені 15 жаста екендігі мәлім болды.

Олардың үйлеріне барған жауынгерлер балаларды аналарының жалғыз өсіріп отырғанын, жағдайларының да мәз еместігін көрді. Сөйтіп, қолдарынан келгенше өздеріне берілетін азық-түлікпен бөлісуді шешті. Бұқтырылған ет, қант, қарақұмық және кәмпиттер отбасыларына үлкен көмек болары сөзсіз.

Республиканың Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында кішкентай «өрт сөндірушілерге» Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаментінде лайықты құрмет көрсетілді. Олар жалғыз келмеді, балаларын қолдауға және марапаттау рәсіміне қатысуға аналары келді.

- «Бұл өрт сөндіру-құтқарушыларына көмектескісі келген Қазақстан Республикасының нағыз отансүйгіштерінің әрекеті», - деп атап өтті Алматы қ. ТЖД бастығы өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіров. Балалар ең жоғарғы адамгершілік қасиетін таныта білді, отқа оранған беткейді көріп саспады және де өртті дереу жоюға дер кезінде көмек көрсетті.

Азаматтық қорғау қызметкерлеріне өрт сөндіруде көрсеткен көмегі үшін Семенов Даниил, Семенов Кирилл, Самойлов Евгений және Миль Кондрат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ Департамент атынан телевизор сыйлыққа тарту етілді.

Іс-шара аяқталғаннан кейін келген қонақтар алған әсерлері жайлы және болашақта өрт сөндіру-құтқарушыларының қатарын толықтыру үмітінің барын айтып өз ойларымен бөлісті.



                                                   Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі