Тұңғыш Президент Күні құрметіне арналған салтанатты жиын. Дәуір Адамы.

30 қарашада, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу құрметіне Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау ардагерлерінің, шақырылған қонақтар мен Департамент қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті.

         Алматы қаласы ТЖД бастығы өртке қарсы қызмет генерал-майоры С.Ғ.Әубәкіров Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың құттықтау сөзін оқып, Тұңғыш Президенттің мемлекетіміздің қалыптасуына, дамуы мен гүлденуіне қосқан теңдесіз үлесін атап өтті.

«Бұл форматта біздің басым бағытты міндетіміз – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ортақ болашағымызды және қоғам алдына қойылған міндеттердің қорғалуына кепілдік берудің маңызды роль атқаратынын» айтып өтті. «Қазақстан Республикасы  Президентінің жолдауында «Қазақстанның үшінші модернизациясы: жаһанды бәсекеге қабілеттілік, «Қауіпсіздік ахуалы мықты және еңбекке жарамды мемлекет өлшемі бола алады», деп көрсетілген. Бүгінгі таңда, елдің азаматтық қорғауы ұлттық қауіпсіздіктің көлемді стратегиялық мақсатынан ажырағысыз болып отыр.    

Осыған байланысты, біздің алдымызда табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша маңызды міндеттер тұр!».

Салтанатты іс-шара барысында «Н.Ә.Назарбаев – Дәуір Адамы» фильмі көрсетілді. Азаматтық қорғау органдары ардагерлері атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ҰОС ардагері, төтенше жағдайлар қызметіне еңбегі сіңген қызметкер Леонид Юзефович Гирш, ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Айткенұлы Молғаждаров, Вадим Юрьевич Смирнов сөз сөйледі.

Ардагерлер жас ұрпақты азаматтық қорғау органдарының ұрпақтар сабақтастығы ұстанымдары мен қызметкерлердің қызметтік борышын орындаудағы ерлігіне бағытталған дәстүрін жалғастыруға шақырды.

Салтанатты іс-шара Тұңғыш Президент Күні құрметіне орай, еңбегімен айрықша көзге түскен  Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін, қоғамдық қауіпсіздікті дамыту мен жетілдіруде үлес қосқаны, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін бірқатар лауазымдық тұлғалар ведомстволықнаградалармен  марапаттаумен өз мәресіне жетті.

                                                       Алматы қ. ТЖД баспасөз-қызметі