«Қозғалыс – өмір заңдылығы»

ІІО ардагері Егор Степанович Долидуда 90 жасқа толды. Осы айтулы күнімен ардагерді «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Б.Т.Чайзада мен Алматы қаласы ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Айткенұлы Малғаждаров құттықтады.

Қартайған жасына қарамастан ардагер қонақтарды қуана қарсы алды.

Красноярск өлкесінің тұрғыны Егор Степанович – соғысты басынан өткерген басын тік көтеріп өмір сүрген адам,.

Ұлы Отан соғысының ардагері еңбек жолын атқыш-пулеметшіден бастап, Қазақ ССР Алматы облысы Талғар ауданының мемлекеттік Өрт инспекциясының бастығына дейін өтті.  КСРО мен Қазақстанның 10 орденімен және медальдарымен марапатталған. КСРО қолданбалы өрт сөндіру спорты бойынша спорт шебері. Белсенді өмір салтын ұстанады.

Жұмыс жылдары Егор Степанович адал және жақсы басшы, сенімді жолдасы және жауапты қызметкері беделін ие болып, болашақ ұрпаққа тамаша үлгі болды.

Ардагердің ұзақ өмір сүрудің өз қағидасы бар: денсаулыққа - дұрыс тамақтану, жарқын адамдармен тез тіл таба білу, әр кезде «Өмір қозғалысында» болу. Ол жастармен жиі кездесіп, өмір тәжірибесімен, соғыс туралы әңгімелеп, күнделікті жұмыстағы тыныс-тіршігімен бөліседі. Күнделікті өмірде куй талғамайтын, қарапайым, Егор Степанович біздің ұрпаққа үлгі-өнеге болып табылады.



 

 

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі