Алматыда «Қоныс-2017» халықты эвакуациялау бойынша республикалық оқу-жаттығулары өтті

Жер сілкінісін болжау мүмкін емес. Осы төтенше жағдайдың салдарын жоюдағы негізгі факторлар - барлық қызметтердің үйлесімділігі мен тиімділігі.

Бүгін 2017 жылғы 12 желтоқсанда сағат 15.00-де Алматы қаласында«Баршаның назарына!»сигналынан кейін«Қоныс-2017» командалық-штабтық оқу-жаттығуларыбасталды.

ДепартаментРеспубликалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар шеңберінде Алматы қаласының халқын автомобиль жолдары және теміржол көлігімен қауіпсіз жерлерге эвакуациялау бойынша практикалық шаралар пысықталды.

217 эвакуациялық жиналу пункт ашылды және дайындалды.Оның бірінде Бостандық ауданының № 93 жалпы білім беру мектебінің аумағында «зардап шеккен тұрғындарды» ыстық тамақпен және жылы киіммен қамтамасыз етумен тамақтандыру пункті өрістетіліп, дайындыққа келтірілді.

Алматы қаласының ІІД полиция қызметкерлері шартты төтенше жағдай аймағында құқықтық тәртіпті сақтауды жүзеге асырды.Осы жерде командалық-штабтық машинаның базасындағыАлматыдағы ТЖД-ның жылжымалы басқару пункті өрістетілдіоқу-жаттығудың барлық элементтері онлайн режимінде беру өткізіліп,Астана қаласынаоқу-жаттығудыңштабына жіберілді.Одан басқаоқу-жаттығуларорнынан ҚРІІМ Төтенше жағдайларлар комитетімен бейнеконференция байланысы орнатылды.

Оқу-жаттығулар барысында жедел жәрдемнің орталығы, апаттар медицинасы орталығының және Қазақстанның Қызыл Жарты айының мамандары зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға Төтенше жағдайлар құралдары комитеттің аумақтық бөлімшелерінің күштері мен ресурстары, Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтері қатысты. Барлығы оқу-жаттығуды өткізуге бес жүзден астам адам және 40-тан астам техника бірлігі жұмылдырылды.

Оқу-жаттығуларда барлық қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.

 

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі