Күрделіліктің жоғары нөмірі бойынша өрт «жойылды

Алматы қ. ТЖД өрт сөндірушілері жаңа жыл мерекелері қарсаңында тұрғындардың, оның ішінде контрафактілік өрт қауіпті пиротехниканы қолдану кезінде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі белсенді шаралар қабылдауда. Оңтүстік астанада «ЯЛЯН» ретінде деп кеңінен танымал болған жоспар «Аймақ» СО ЖШС №3 сауда павильоның аумағында оқу-жаттығу өтті, оның түпкі ойы бойынша тауар-материалдық құндылықтардың тұтануы орыен алған. Жану өнімдерінің жоғары шоғырлануы нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер туындады. …Шын жағдайда бұл сюжет дәл осылай басталар еді. Сәттілікке орай, тұтану шартты болды. Мұндай профилактиканы жүргізу қажеттіліктің себебі - жыл сайынғы пиротехникадан,  әсіресе балалар арасындағы зардап шеккендердің статистикасы.  Контрафактілік пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелері сақталмағандықтан ғимараттар мен құрылыстардың жануы туындайды: 2016 – 2017 жылдары кезеңінде 37 адам зардап шекті, оның ішінде 21-і– балалар. 

Алғашқы өрт сөндіруші бөлімшелер келгенше объектінің әкімшілігі адамдар мен жұмысшыларды ғимараттан уақытылы көшіру бойынша қажетті шаралар қабылдайды, сондай-ақ электр қуатын өшіріп  тастауға нұсқау береді, келіп жатқан өрт сөндіруші бөлімшелерін қарсы алады. 

Барлау нәтижесі бойынша, №3 павильонда ТМҚ өртеніп жатыр: жалынның көрші бутиктерге таралу қатері пайда болды, үй-жай қатты түтіндеген, жоғары температура, эвакуация жолдары жабылып қалды. Шартты жану алаңы 280 шаршы метрді құрады. Өртке 2 БИС күрделіліктің жоғары нөмірі берілді, жедел штаб құрылды. Сөндіру 4 жауынгерлік учаскесі бойынша жүргізілді , онда 7 газтүтінқорғаушы жұмыс істеді. Қойманың түтінденген үй-жайларынан қалған адамдар шығарылды, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрт барынша қысқа мерзімде жойылды.

Оқу-жаттығуға Алматы қаласының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің жеке құрамынан125-тен астам адам, негізгі техниканың 15 бірлігі мен арнайы техниканың 9 бірлігі қатысты. Қорытындысы бойынша оқу-жаттығу жетекшісі, азаматтық қорғау полковнигі Олег Мессершмидт барлық қатысушылардың іс-қимылын пысықтауға оң баға берді.

Қиыншылықтар тар өтпелерге, тұраққа қойылған автокөліктің көп санына және адамдардың жаппай жиналуына қатысты арнайы техниканың базар аумағына өту кезінде туындағанын атап өткен жөн.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі