Президент Алматының өрт сөндірушісін марапаттады!

Баланы құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін ҚР ІІМ ТЖК Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ№ 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасыСаят Махмұтұлы Рахымов мемлекеттік наградаға ие болды.

2017 жылдың 13 шілдесінде сағат 12.46-да  № 6  өрт сөндіру бөлімінің байланыс пультіне Көктем-1 ықшамының№ 16 «Д» бес қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама түсті. Шақырылған орынға келген өрт сөндірушілер төртінші қабаттың терезесінен түтін шығып жатқанын көрді, көмек сұрағандауыс естіліп жатты, ал пәтердің сыртқы темір есігіқұлыптанып қалған.Мұндай жағдайда бірінші келген құтқару бөлімшелерініңбарлық күштеріадамдарды құтқаруға жинақталады.

Көп қабатты үйдің ауласы жеке автокөліктермен лық толы еді, сондықтан автосатыны пайдалана алмайтыны анық болды. Сол сәтте азаматтық қорғау старшинасы С. Рахымов қол және үш иінді сатыны қолдану туралы шешім қабылдаған.Бұл старшинаның үшінші қабатқа дейін жылжымалы сатымен шығып,  төртінші қабаттағы терезесінің алдына қою үшін ілгегі бар шабуыл сатысын бірге алды.Содан соң ең қиыны – сақтандырусыз дайындалмаған адамды терезе алдында ілініп тұрған енсіз сатымен жылжымалы сатыға ауысып жерге түсіруді. Мұндай құтқару әдісін жүргізу жауынгердентек машықтанған дағдымен қоса рухтың болуын талап етеді.

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы №594 Жарлығымен ерлігі үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай Саят Махмұтұлы Рахымов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі